Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Воспитательные часы

Ағымдағы жылғы 29 тамызда колледжде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Колледж директоры С.К. Саршанов  әріптестерін және ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиын барысында директор орынбасары   М.К. Дүзбаев мерекелік баяндама оқыды. М.Дүзбаев өз баяндамасында: «Сіздерді мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Конституция күнін тойлау жылдың негізгі қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі болып табылады.

Бірнеше жылдар бойы колледжіміз мамандар дайындауда талмай еңбек етіп келеді. Колледжде жыл сайын қалалық деңгейдегі көптеген іс-шаралар мен салтанатты жиындар өтеді, біз әрқашан білім мен тәрбие беруде өз қажырлығымызды көрсетуге дайынбыз»,-деп атап өтті.

Іс-шараға кәсіптік және техникалық білім беру ісінің ардагерлері де қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Жұмысында үздік деп танылған қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.  Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

 

 

"Мектепке жол" акциясы

Колледжімізде Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында дәстүрлі іс-шара өткізілді. Колледжде жұмыс істейтін қызметкерлердің мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтарды табыстау рәсімі өткізілді. Акцияға мектепке алғаш баратын Ермухамет Алуа, Пышақбаева Аяулым, Камаданова Ақерке, Әскербек Қуаныш шақырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, колледж директоры С.К.Саршановтың құттықтау сөзімен басталды. Сондай-ақ, акцияға Шар қалалық әкімшілік маманы Табулдинов Нұрлан Манапұлы қатысып, бүлдіршіндерді білім жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтады. Содан кейін балаларға колледж әкімшілігі тарапынан оқуға қажет құралдар салынған сөмке сыйлыққа берілді. Директордың орынбасарлары М.К.Дүзбаев пен А.Ж.Тлеубердинова да ата-аналар мен балаларға тілектерін білдірді.

Іс-шараны 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндер өздерінің жаттаған тақпақтарымен аяқтады. Акция аясында өткізілетін бұл шара колледжімізге дәстүрге айналған.