Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Фермер

 2018 жылдың 2-маусымы күні Жарма технология колледжінің оқу-өндірістік алқабында  "Үздік механизатор" сайысы өткізілді. Сайысқа ІІ-ІІІ курстардың 8 студенті қатысып, өздерінің оқып-тоқыған білім-біліктерін көрсетті. Сайыс 2 бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Сайыс шарттары бойынша қатысушылар теориялық сұрақтарға жауап беріп, іс жүзінде трактор жүргізіп, жер жырту дағдылығы мен іскерлігін көрсетулері керек.Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды ІІІ-курс студенті Гарифуллин Ерсағын жеңіп алды, ІІ және ІІІ-орынды ІІ-курс студенттері Штибен Дима және Сарман Елнұр иеленді. Енді Ерсағын таяуда өтетін облыстық  "Үздік механизатор" сайысына қатысады,сондықтан Ерсағынға табыс тілеп, жүлделі оралуына тілектеспіз!

 

 Сайыстың негізгі мақсаты:

  1. Студенттердің кәсіби дайындығы сапасын, шеберлігін анықтап , жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы заманауи жағдайдайларда олардың беделін көтеру.
  2. Сайыстың басты міндеттері : студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту,оқу үдерісіне озық өндірістік технологияларды зерттеп, енгізу,өзгерген әлеуметтік -экономикалық жағдайларда ойлайтын, белсенді әрекет ететін және тез бейімделетін тұлғаның алдағы іс-әрекетінде керекті қасиеттерді қалыптастыру, теориялық және практикалық оқытудың байланысын нығайту, білім мен дағдыларын, кәсіби білімдерінің деңгейін қалыптастырып зерттеу     

 Конкурсқа шақырылған мекеме және шаруа қожалықтарының басшыларының тізімі:

  1. Сакенов М.Б.- Шар қаласының әкімі
  2. Арашев Б.А.- Жер қатынастар бөлімінің бас маманы
  3. Мухаев Д.Б. –Кәсіпкерлер палатасының басшысы
  4. Жанаков А – Жұмыспен қамту орталығының басшысы
  5. Жансейтов М С – Божығұр ауылдық округінің әкімі
  6. Нургалиев К – «Алғабас»   шаруа қожалығының басшысы 
  7. Зибиров С .Н. – «Прогресс» шаруа қожалығының басшысы

  Сараптама комиссиясының құрамы:  

    1.Саршанов С.К.-  Жарма технология колледжінің директоры

    2.Нургалиев К –  «Алғабас»  шаруақожалығының төрағасы

    3.Мукаев Д.С. –  Оқу өндіріс шебері

    4.Шамтуров И.И.-  Жарма технология колледжінің шеберхана меңгерушісі      

Сайысты материалдық жабдықтау:

  1. Тест тапсыруға арналған бөлме
  2. Егістік алқап
  3. МТЗ-82, МТЗ-892 тракторлары

 Сайыс бағдарламасы

 

Сайысқа  қатысушылар:  «Ауылшаруашылығы өндірісінің  тракторист-машинисті» мамандығы бойынша  ІІ-ІІІ  курс студенттері.

  1. Визиттік карточка – сайысқа қатысушылардың өзін-өзі таныструы – 5минут, 5  ұпайдық  жүйемен  бағаланады.
  2. Арнайы пәндерден білімдерін тексеру үшін  тест өткізледі: трактор құрылымы, АШМ,  техникалық қызмет көрсету,  еңбекті қорғау бойынша 30 сұрақ – 30 минут

Жер жырту : уақыты 30 минут, ең жоғарғы ұпай саны 100 .

Жұмыс  шарттары:

  • Сайыс өтетін егістіктің механикалық құрылымы тегіс және біркелкі, стерня биіктігі 25 см-ден аспау керек.
  • Берілген бөліктің ұзындығы100 м ені 30 м. Айналу жолағының өлшемі 10 м.
  • Әр бейтарап бөлік шегінің арасының енң 3м. Бейтарап жолақтың басында, ортасында, аяғында таңбалы таяқшалар орнатылады.
  • Әр бөлік шегі екі жағынан жалаушалармен, сол жағынан нөмір жазылады.
  • Жаттығу өтетін жер мөлшері мен жарыс өтетін жер мөлшері бірдей болу керек.
  • Сайыс алдында жеребе бойынша әр қатысушының бастау нөмірі анықталады.
  • Жырту терендігінің ұйымдастыру комитеті сайыс алдында егіс жағдайына байланысты анықтайды.
  • Жарыс алдында жырту агрегаттары бұрылыс жолағында тұру керек.
  • Белгі бойынша аударып,кері аударып жырту бөлігі белгіленеді.
  • Агрегат жылдамдығын қатысушы өз қалауы бойынша таңдайды.
  • Сонғы өту кезінде жыртылған жерді қазылар бағалау үшін агрегатты тоқтатады.
  • Сайыс кезінде қатысушыларға агрегатты тоқтатып,жыртылған жердің тереңдігін өлшеп,соқаны жөндеуге рұқсат береді.
  • Сайыс белгі бойынша аяқталады.
  • Сайыс соңында қатысушылар агрегатты тұрақ орнына әкеліп қояды.

Тапсырмаға қойылатын талаптар:

 Бірінші жыртуға дайындалған жердің кемшіліктері болмай түзу, терендігі 10 см-ден аспау керек.

 Сайысқа қатысушыларға тыйым салынады

  • Жыртылған жердің сапасын түзету
  • Біреудің көмегін, кенесін пайдалану
  • Қосымша құрылымды пайдалану
  • Жыртылған жермен жүру
  • Жұмыс уақытында бұрылыс жолақтардың сыртқы сызықтарына шығуға
  • Сайыс өткізу тәртібін бұзған қатысушыға 5 ұпайға дейін айып салынады

                      Жер жырту сапасын бағалау:

 

                           Бағалау көрсеткіші

Ұпай

  1

Бірінші  дайындық

10

  2

Соқаның жұмысқа дайындық сапасы

10

  3

Аударып жыртудың сапасы мен үстіңгі түрі

10

  4

Жер жырту тереңдігін сақтау

10

  5

Жер жырту үстінің түрі

10

  6

Түзу жыртылған жер

10

  7

Агрегаттың ақырғы жүру алдында жыртылмаған жер

мөлшері және формасы

10

  8

Соқаның терендігің және көтерілу шегін сақтау белгісі

10

  9

Жер жыртудың шеткі бөлігін сақтау

10

  10

Жыртудың аударылу сапасы

10

 

Жалпы  ұпай  саны

100

Ұйымдастыру комитетінің құрамы:

 

Дузбаев М К – ӨОЖЖ директордың орынбасары

Скаков А К – аға оқу өндіріс шебері

Ахмолдин К М – оқу өндіріс шебері

Оразгалиев К К – оқу өндіріс шебері

Акшалов С А – оқу өндіріс шебері

Калиев С К – оқу өндіріс шебері

Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз
Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз
Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз
Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз
Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз