Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары»

Коучинг  «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша

оқытудың тиімді жолдары»

Абай  атамыз айтқандай:  «Адамзат  баласының бойында үш қасиет: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы  жүрек  болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру- ұстаздардың міндеті екені даусыз.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты  ақпан айының 9-ы күні колледж әдіскері мен ПЦК –жетекшілерінің ұйымдастырумен «Жарма технология колледжі»КММ-де «Жаңартылған білім  беру мазмұны аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында  коучинг өткізілді.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай келген семинарымызда, ең алдымен Мұқағали ағамыздың «Үш бақытым»өлеңі оқылды.

Семинар  колледж ұстаздарның  бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіруден құралған «Шаңырақ» шаттық шеңберінен басталды.

Коучинг тақырыбы бойынша өз сөзінде   колледж әдіскері  Гульжан Слямқызы  жаңартылған білім беру мазмұны сай құралған сабақ жоспарларының құрлымы және оларды сабақта қолдану ережелерімен таныстырып өтті.Жас мамандарға ерекше көңіл бөліп,жылдар бойы жинаған педагогикалық шеберлігімен бөлісті.

Сабақта қолданылатын әдіс –тәсілдер, соның ішінде педагогтардың біліктілігін арттыруда қажет болатыны- Эссе жазу. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Көжебаева Сымбат Қасымжановна осы тақырыпта эссе жазу ережесі,эссенің құрылымы қалай болу керектігін әріптестеріне түрлі мысалдар көрсете отырып баяндап берді .

Оқытушы мен студент арасында тығыз қарым –қатынас орнатып, жаңартылған білім берудегі әдіс-тәсілдерді өз сабағында шебер қолданатын, әр сабағын қызықты да мәнді өткізе білетін биология пәнінің оқытушысы Гүльназ Слямқызы «Карандаш» «Елші» «Аялдама» «Кластер»  «Джигсо»  т.б әдіс –тәсілдерді семинар өту барысында  әріптестерімізбен бөлісіп , талдау жасады.

 ПЦК жетекшісі  Гульжан Аманбекқызы  жаңартылған білім беру мазмұнының  арнайы пәндерді оқытуда тиімділігін,оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беріп, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін «Қалыптастырушы бағалау» тапсырмаларын жүйелі құрып  , оны  өз сабақтарында жиі қолданылатынын айта келе, өткізген сабақтарынан мысал келтіре отырып, әріптестерімізбен пікір алмасты.

Коучинг соңында   «Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен әріптестеріміздің ұсынысы, ой-пікірлері талқыланды. Мұқағали Мақатаевтің  «Бақыт деген»  өлеңімен сергіту сәті өткізіліп, семинар қортындыланды.

WhatsApp Image 2022-02-20 at 16.38.17
WhatsApp Image 2022-02-20 at 16.38.16
WhatsApp Image 2022-02-20 at 16.33.10
WhatsApp Image 2022-02-20 at 16.21.03
WhatsApp Image 2022-02-20 at 16.20.11