Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

“Жас маман-2023”

2023 жылдың 30 маусым күні “Жарма технология колледжі” КММ-інде “Жас маман-2023” атты студенттерге диплом табыстау салтанатты жиыны өтті. Білім ордасынан 79 түлек бітіріп шықты. Жиын барысында колледжіміздің директоры Омаров Б.Р. жас мамандарымызды құттықтап, оларға зылы лебізін білдірді. Сондай-ақ оқу ісі жөніндегі орынбасары Құнапия Н.Қ. өзінің ыстық тілектерін айтып түлектерге диплом табыстады.
Өмірге жолдама алған жас түлектер мамандық алған оқу ордасын қимай қоштасты. Қиындығы мен қызығы мол студенттік күндер артта қалды. «Осы үш жыл ішінде біз өзімізге керекті білім нәрімен сусындадық, енді киелі ұядан ұшқалы отырмыз. Біз қайда жүрсек те сіздерді ұятқа қалдырмай, мамандығымызға сәйкес еңбек етіп, өздеріңізді үнемі жадымызға алып ұмытпай жүреміз» деген жылы сөздерін ұстаздарына тебірене айтып, қоштасу әнін бірге шырқады. Сонымен қатар жиын ортасында колледжіміздің жас мамандар арасында өткен “Үздік жас маман” сайысында жеңіске жеткен әріптестерімізге I-II-III дәрежелі құттықтау дипломдары берілді. Колледжіміздің 2023 жылғы түлектерін шын жүректен құттықтаймыз. Өмір жолындағы қадамдары сәтті болсын! Ақ жол!