Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Абай облысында Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасындағы ІІ Республикалық спартакиада

01-07 маусым аралығында Абай облысында Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасындағы ІІ Республикалық спартакиадасы өтті.
Мақсаты: ҚР-ның білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, педагогикалық қызметкерлерінің бос уақытын ұйымдастыру, дене, психикалық және рухани денсаулығын жақсарту, білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.
ТжКББ мекемелерінің мұғалімдерінен құралған 18 команда, барлығы 800-ге жуық педагогтер қатысты.

Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаз облыстар:
1 орын – Алматы қаласы
2 орын – Түркістан облысы
3 орын – Абай облысы

Абай облысы ТжКББ мекемелері ұстаздарынан құралған командасы сапында баскетболдан ерлер және қыздар командасында  колледжіміздің дене шынықтыру пәні ұстазы Жакупов Ринат Дусенбековович,Искакова Айжан Қайратқызы және Берікболова Нұргүл Дарханқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

 1,2,3-орындарға ие болған жеңімпаз облыстарға кубоктар мен Республикалық Оқу-ағарту ғылыми және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан ақшалай сыйлықтар табысталды. Жекелеген спорт түрлері бойынша жүлдегерлер кубок және 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!