Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол. Осыған орай 2023 жылдың 10-шы сәуірі студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, оқытушылардың іс-тәжірибелерін тарату мақсатында МИФ апталығының ашылуы болды. Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту; логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру; білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.