18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні
Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады. Осыған орай колледжімізде наурыз айының 17 жұлдызы "Наурыз-құт, береке бастауы!" мерекелік іс-шараның жоспарына сәйкес оқытушы Садуакасова Ж.Б. мен Жакупов Р.Д.-тың ұйымдастыруымен "Шымырлық пен шеберлік" атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Осындай ұлттық ойындар баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.
Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз. Наурыз айында Ұлттық спортты қолдайық!