14-наурыз “Көрісу күні” Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз - жаңару мейрамы.
Ешкім бұл күн ежелгі ерегесін,
Ескі кегін қоздырып, ақы алмайды.
Өткен жылғы өкпесін, өкінішін,
Жаңа жылға арқалап апармайды.
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу бұл көненің жемісі еді.
«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып, Ақ ниетпен, адал қол беріседі.
Көрісу күні құтты болсын!