Әр адамның ең басты құндылығы- отбасы, туып-өскен жері, баспанасы. Әрдайым оралатын жылы, мейірім мен сүйіспеншілікке толы үйі. Бірақ, өкінішке орай, көптеген балалар осындай мүмкіншіліктен айырылған. Кішкентайынан мемлекет қарамығында өсіп, тәрбиеленген, қазіргі таңда студент дәрежесіне жеткен «Жарма технология колледжі» коммуналдық мемлекттік мекемесінде оқитын Черепанова Алена мен Сергей Найденовқа да осындай қуаныш бұйырды. Ұзақ жылдар бойы осы пәтерлерге кезекте тұрып, колледж қызметкері тәрбиеші Жакупов Ринат Дусенбекұлы құжаттарды жинап, рәсімдеу жұмыстарына ат салысып, осы атқарылған жұмыс негізінде, Өскемен қаласының әкімшілігі тарапынан шешім қабылданып, биылғы жылы екеуіне де Өскемен қаласынан 1 бөлмелі пәтерлердің кілттерін табыстау сәті келіп жетті.