Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

“Алғыс жүректен шығады”

Алғыс-ақ тілек, ізгі ниет. Алғыс- адам сезімі. Оны тартып та, сатып та алуға болмайды. Оған адам өзінің сыпайы мінезімен, әдептілігімен, қоғамға келтірген ерен еңбегімен ғана ие болады. 1-наурыз “Алғыс айту” мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес колледжімізде “Алғыс жүректен шығады” атты қаламыздың халыққа қызмет етуде аянбай еңбек етіп жатқан қаһармандармен кездесу өтті. Мақсаты: студенттерімізге ризашылық күнінің маңызын одан әрі нығайтуға ықпал ету. Кездесу қонақтары қаламыздың нөмір 21 өрт сөндіру бекетінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Кабдуллин Д.А., аурухана медбикесі Төкенова М., ПБЖПБ учаскілік полиция инспекторы аға лейтенанты Еділшайых Б.М. келіп, студенттерге өздерінің қызметі жайында айтып, өз ойларымен бөлісті. Студенттер қонақтарымызбен ой алмасу кезінде жүрек жарды лебіздерін айтып, алғыстарын білдірді.