Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы ретте колледж басшылығының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің ата-аналарымен жалпы жиналыс болып өтті. Шараға колледж директоры Омаров Б.Р., Жарма АПБ Шар қ. ПБ ЖПҚБ КТіБ УПИ полиция лейтенанты Алпысбаев Ернат Мұратұлы, колледж əкімшілігі, психолог Нұрасыл Г. О. жəне ата-аналар қатысты. Жиналыстың күн тəртібінде бірнеше мəселе қаралды. Аталмыш жиын барысында ата-аналарға оқушылардың білім деңгейі мен тəртібі, алдағы атқарылар жұмыстар мəселелері қаралды. Ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ мамандар даярлауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
@abai_bilim_basqarmasy @abai_imc