Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

«Оқуға құштар колледж» кітап челленджі

«Оқуға құштар колледж» кітап челленджі
2023 жылдың 21 ақпанында колледжіміздің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқуға құштар колледж» атты оқу челленджі басталды. Челлендждің мақсаты- студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастардың кітап оқу мәдениетін дамыту болды. Осы іс – шара барысында студенттер Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» кітабын таңдап, досына әңгіменің басты кейіпкерлері туралы көптеген қызықты оқиғаларын талқылады. Оқу челленджі аясында алдағы уақытта оқытылатын кітаптардың тізімі мынадай.
Шоқан Уалиханов «Алтын шаһарға сапар»
Қасым Аманжолов «Дариға сол қыз»
Медеу Сәрсекеев “Көмбе”
Шәріп Ақышұлы “Алты Алаштың Асылы - Қазақтың ғұмырнамалық хикаяты”
Қазіргі заманда көп кітап оқу оңай емес. Бірақ әр кітапты оқығанда өзіңізге қанша рухани әсер алатыныңызды да ұмытпаңыз!