Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Екі жұлдыз

Қазақ халқында «Адам болатын бала алысқа қарайды», «Адам болар баланың жанарынан от ойнар» деген дана сөздер бар. Демек халқымыз ерте кезден-ақ жастарды талантты да дарынды болуына қолдау көрсетіп, демеп отыруды көздеген. Ұстаз әр шәкіртінің бойынан бір жарқыраған жұлдызын тауып, сол жұлдыздың жарқырауына өзіндік үлес қосу керек. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 8 ақпаны колледжімізде Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» тақырыбында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.
Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, мұғалім арасында тығыз байланыс орнату.
Міндеті: Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік - рухани бағытта тәрбиелеу.
Байқауға мұғалімдер мен оқушылар бірге қатыстысып, әр топ өздерінің нөмерлерін дайындап, саханада өнерлерін көрерменге паш етті. Сондай-ақ әр топ номинациямен, грамоталармен марапатталды. Сайыста I-орынды 6АС тобы мен оқытушы Калиева Г.А., II- орынды 5ВФ тобы мен оқытушы Мұсаханова К.А. III - орынды 2АШМ тобы мен оқытушы Берікболова Н.Д. иеленіп жеңіске жетті. Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», — дей келе егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғанының белгісі болары анық.