Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Студенттерді ақпараттандыру акциясы

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында колледжімізге қаламыздың Жастар ресурстық орталығынан жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін Есенқан Рауанның ұйымдастыруымен студенттерді ақпараттандыру акциясы өтті.

Акция барысында:
-Жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу;
-Бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, компетенцияларын және дербестігін дамыту;
-Өтеусіз негізде жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсету;
-Жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс жасау және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу;
-Әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
-Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсетіп колледж студенттерінің жастық шақтарын мәнді етіп өткізуге шақырды.