Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің технологиясын қалыптастыру — заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы оқушы даярлау — бүгінгі өмір талабы. Осыған байланысты колледжімізде ғылыми-әдістемелік семинар үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Семинар отырысы жүйелі түрде өткізіледі. Солардың бірі 2023 жылдың 18 қаңтар күні әдіскер Тунгатова Г.С ұйымдастыруымен “Өзара сабаққа қатысу” тақырыбында әдістемелік семинары өтті. Семинар барысында мұғалім білімін, қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық, психологиялық сапасын үнемі толықтырылып, жаңартылып отыру керектігі айтылды. Сонымен қатар біліктілікті арттыру арқылы ұстаз өз білімін жетілдіріп қамтамасыз ете алатыны ескерілді. Сол себепті мұғалімнің кәсіби біліктілігін артыру мақсатында өз білімін көтеру жоспарын құрады. Ол жоспар өзара сабаққа қатысу. Яғни, оқытушылар бір-бірінің сабақтарына қатысу арқылы жаңа технологияларды үйреніп және оны қолдана алады. Педагогикалық ізденіс пайда болады, сондай-ақ өзара тәжірибе алмаса алады. Осылайша әдістемелік отырыста мұғалімдер өз ойларын ортаға салып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Осылайша өзара сабаққа қатысу бұл – тәжірибе алмасу, яғни, мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі деген қорытындыға келді.