Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

«Жақсы қөңіл күй-жан азығы»

Колледжіміздің психологы Нұрасыл Г.О. ұйымдастыруымен колледж ұжымына арналған «Жақсы қөңіл күй-жан азығы» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: оқытушылар қатарына жас педагогтар келуіне байланысты, нақты жағдайда педагогтар командасы жұмысының тиімділігін арттыру үшін ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасауға бағыт беру. Сондай-ақ ұжым арасында қарым-қатынасты нығайту, өзін еркін сезінуге көмектесу, жағымды атмосфера қалыптастыру. Тренингте «Эмоционалды қобалжудан арылу», “Ұжыммен жұмыс” сынды әдістер қолданылды. Колледж ұжымы қызыға қатысып, кері байланыс дағдыларын меңгеріп, командалық қарым-қатынасты, қабылдаған шешімді жетілдіруге тырысып, біріккен жұмыстан біршама жағымды әсер алды. Тренинг соңында бір-бірлеріне жылы тілек лебіздерін білдіріп, ұжымға керемет көңіл -күй сыйлады.