І курс білім алушыларының психологиялық бейімделу мәселесі өте өзекті. Оқу орнындағы алғашқы күн білім алушылардың көңіл – күйлеріне, топтың эмоционалды бейнесіне және де білім алушылардың шығармашылықпен жұмыстануына әсер етеді, сондықтан да І курс білім алушыларының психологиялық жай – күйін бақылауда ұстап, оларға қоршаған орталарында болып жатқан өзгерістерге бейімделуіне педагогикалық – психологиялық тұрғыдан қолдау таныту қажет. Осыған орай колледжіміздің психологы Нұрасыл Г.О. I курс студентеріне бейімделу деңгейін анықтау сауалнамасын жүргізді.