Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

“Желтоқсанның мұзда жанған алауы” атты тарих, география пәндерінің үш күндігі

2022 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында колледжімізде “Желтоқсанның мұзда жанған алауы” атты тарих, география пәндерінің үш күндігі өтті. Мақсаты: студенттерді адамгершілікке және Отанды сүюге тәрбиелеу. Үш күндіктің жоспарына сәйкес география пән оқытушысы Тунгатова Г.С. 2АШМ тобына “Географиялық алаң” атты интеллектуалды ойын ойнатылды. Мақсаты: теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыру. Ойын VI турдан тұрды. Әр турда студенттер өздерінің білімдерін көрсетіп, ойынға белсене қатысты. Келесі кезекте тарих пән оқытушысы Атанова А.З. “Менің елім” тақырыбында 1ТӨ тобына интеллектуалды ойын арқылы студенттерді қызықтыра түсті. Ойын V турдан “Сұңқар” және “Тұлпар” топтарымен өтті. Студенттер ойында өздерінің қызығушылықтарын ерекше көрсете білді. Үш күндіктің қорытындысы ретінде екі пән оқытушымыз 1 курс студенттеріне “Желтоқсан тарихы” Не? Қайда? Қашан? атты викториналық сұрақтар қою арқылы студенттердің білімін нығайта түсті. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты презентация-бейне көрсетілімдердер көрсетілді.