Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Тілдер апталығы

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі — тіл, бірі — дінің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Атадан балаға мирас болып қалған осы тілімізді дәріптеу мақсатында және әр тілдің өзіндік ерекшелігімен маңызын түсіндіру мақсатында колледжімізде  қазақ, орыс тілдері пән бірлестіктері 2022 жылдың 14-19 желтоқсан аралығында тілдер апталығы өтті. Апталықтың жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықты ашу мақсатында әр бірлестіктің жетекшілері Кожебаева С.Қ., Агиева Г.С. және Искакова А.Қ. тілдің маңыздылығын түсіндіріп, апталықты қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кожебаева С.Қ. Әзілхан Нұршайықовтың 100 жыл толуына орай "Әзілхан Нұршайықов заманының дара жұлдызы" атты танымдық сабағымен ашты. Сабақтың барысы жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылып, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, викториналық сұрақтарға жауап берумен аяқталды. Студенттер сабаққа белсене қатысты. Апталығымыз орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Агиева Г.С ұйымдастыруымен “Клуб занатаков русского языка и литературы” атты брейн-ринг сайысы арқылы жалғасты. Осы уақытқа дейін дейін өткен тақырыптарға сұрақ қою арқылы әр топ жарысқа қызыға қатысты. Апталығымыз қазақ тілі және әдебиеті пәнінің жас маманы Искакова А.Қ. ұйымдастыруымен “Ұрпаққа мұра-тіл” атты сахналық қойылыммен жалғасын тапты. Көріністе кез келген халықтың ғасырлар бойы қордаланған мәдениетінің асқар шыңы – сол халықтың тілі екенін, ана тілімізді теңдесі жоқ ұлтымыздың алтын қазынасы деп бағалап, қастерлеп, сол қазынаның болашақ ұрпақ сусындайтын рухани бұлағының сарқылмас көзіне айналуын өскелең ұрпаққа насихаттайды. Түбі бір түркі, тілі ұқсас қырғыз халқының заңғар жазушысы Шыңғыс Айтыматовтың: "Халықтың мәңгі ғұмыры – тілінде. Әрбір тіл халқы үшін – ұлы",– деген сөзі бар. Сондықтан да тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтау – біздің міндетіміз. Тілі біртіндеп жоғалған ұлттың уақыт өте келе өзі де тарих сахнасынан жоғалары анық.