«Колледж барысы-2022»
2022 жылдың 25-26 қараша күндері Абай облысының ББ «Жарма технология колледжі» КММ Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында дәстүрге айналған қазақ күресінен «Колледж барысы-2022» облыстық жарысын өткізді.
«Рухани жаңғыру», Балалар жылына арналған іс-шараға облысымыздың 16 колледжінен, 42 студент қатысты.
Жарыстың салтанатты ашылуында жарыстың құрметті қонақтары, атап айтсақ Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асанова М.А., әдіскер Нурмадиева К.М, ардагерлер арасында әлем чемпионы Караканов М.С, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионы Сейтханов Н.С, жастар арасында еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сарқытбаев Е.М және Абай облысы ББ ТжКББ бөлімінің әдіскері Аукишева М.М құттықтау сөздерін жолдап, кезегімен ортаға шыққан жас палуандарға сәттілік тіледі.
Финалға жолдама алған сегіз палуан ақтық сайыста белдесіп, келесі нәтижелер көрсетті
70 кг салмақ дәрежесінде
І орын-Рахыжанов Е (Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі)
ІІ орын-Әмірбеков Б (Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі)
ІІІ орын Мейрамбеков Б (Д.Қалматаев атындағы жоғарғы колледж)
ІІІ орын Сериккалиев Х (Геология және барлау колледжі)
90 кг салмақ дәрежесі
І орын –Жемагулов Д (Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі)
ІІ орын-Қасенғазы А (Шәкәрім атындағы жоғарғы колледжі)
ІІІ орын -Берікболұлы А (Электротехникалық колледж)
ІІІ орын- Ведищев Д (Жарма технология колледжі)
Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен, медаль, колледж барысы белбеуімен және Жарма ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Колледж барысы» жарысы көптеген жас жеткіншектерді қызықтырып, осы спорт түріне жетелеп жатқаны мақтанарлық, сондықтан біздің міндетіміз-қазақ спортының дамуына үлесімізді қосу
#балаларжылы
#годдетей