Қазан айының 17 жұлдызында "Жарма технология колледжі" КММ Республика күніне орай бірінші курс студенттерінің арасында "Қыран елім-Қазағым" атты диктант жазу бойынша республикалық акция өтті. Диктант жазудың мақсаты студенттердің бойында азаматтық ұстаным мен патриотизмді қалыптастыру, өз елінің жетістіктеріне үлесін қосу, достық пен ыынтымақтастыққа негізделген өркениетті мемлекет құру болып табылады. Іс-шара қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары Кожебаева Сымбат Касымжановна мен Искакова Айжан Қайратқызының ұйымдастыруымен өтті. 1-курс тан 22 студент қатысты. Диктант студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Барлығы оны қатесіз жазуға тырысты. Диктант мәтіні Қазақстан туралы, табиғат сұлулығы, бірлік пен келісімде өмір сүретін халықтар достығы туралы баяндайды. Мұндай акциялар өскелең ұрпақтың патриоттық рухын нығайтады.