Кітапхана оқу-білім мен ақпарат алудың, рухани-адамгершілік тұлғаны үйлесімді және дәйекті қалыптастыру мен жетілдірудің ең тиімді құралдарының бірі. Оқу маманның коммуникативті және кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге, адамның өмірде жетістікке жетуіне ықпал етеді. Классикалық форматта оқу дәстүрін сақтау және колледж студенттері мен қызметкерлері арасында оқу мәртебесін арттыру мақсатында Жарма технология колледжінде "Кітап досын іздейді" буккроссинг аймағы ашылды. (Буккроссинг-бұл адамлар арасында кітап алмасу процесі, сондай-ақ осы алмасуды жасау үшін сөремен жабдықталған арнайы орын.)