2022 жылдың 25 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі Ахметқали Ахашұлы Нургожин аумақтық кәсіпорындары үшін жұмысшы кадрларын даярлауды жақсарту мақсатында "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС басшысы Кенбейіл Ордабайұлы Исаев, Шар қаласында орналасқан "Жарма технология колледжі" КММ-мен кіріспе кеңесін ұйымдастырды.
Іссапар барысында өндірістік кәсіпорын басшысы студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен, оқ орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, саббақтарына қатысты.
Кенбейіл Ордабайұлы өндірістік оқыту үдерісіне қызығушылық танытып, оны қарастыру барысында өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін ЖШС басшысы жұмыс беруші ретінде өз талаптарын алға тарта отырып, колледждің әлеуметтік -тұрмыстық жағдайын жақсартуға, материалдық-техникалық базасын жаңартуға көмектесуге уәде берді.
Бұл жиынның Шар қаласы мен жалпы аудан үшін халықты жұмыспен қамту мәселесін шешудегі рөлі өте зор.