Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Бірыңғай ата-аналар жиналысы

Өткізу күні: 24 маусым 2021 жыл
Өткізу уақыты: сағат 10:00-де мемлекеттік тілде
сағат 15.00-де орыс тілінде
Өткізу орны: Zoom платформасында
Қатысушылар: аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, тәрбие жұмысына жаупты әдіскерлер, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша комиссиялардың хатшылары, сынып жетекшілер, психологтар, ата-аналар.
Қатысушылар саны: Zoom платформасында 200 адам
Ютуб каналдағы тікелей эфирде 12 000 астам ата-аналар

Балалардың дене бітімін дамыту және денсаулығын нығайту, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты психологиялық-педагогикалық қолдау және алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 24 маусымда ZOOM платформасында онлайн форматта Бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізіледі, оған 12 000-нан астам ата-ана қатысады.
Семинар ШҚО полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы және өңірлік жоғары оқу орындарымен бірлесе өткізіледі.
Семинар бағдарламасында оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, репродуктивті денсаулық, девиантты мінез-құлықты балалар санын азайту және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін тиімді жұмыс түрлерін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ жасөспірімдерге, ата-аналар мен педагогтарға психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық әдістер мен ұсынымдар таныстырылады.

2021-06-24_10-03-03