Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Облыстық коференция өтеді

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өтетін облыстық қашықтан өтетін конференцияға шақырамыз. Қ. МҰХАМЕДҚАНОВ НПК 2021ж..doc

  1. Жалпы ережелер

 

  • Осы Ереже Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы, ақын, жазушы, драматург, әдебиетші, аудармашы, абайтанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл толуына арналған жас оқытушылар мен студенттер арасында өтетін облыстық «ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЖӘНЕ ҰЛТ МҰРАТЫ» атты ғылыми-практикалық конференцияның (бұдан әрі – Конференция) мақсаты мен міндеттерін, өткізілу мерзімін, тәртібі мен шарттарын анықтайды.
  • Конференция «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК базасында 2021 жылдың 16 сәуірінде ZOOM қосымшасында қашықтықтан өтеді.

Басталу уақыты: сағат 14.00-де. Байқауға қатысушыларды тіркеу: сағат 13:30 – 14:00 аралығында.

  • Конференцияға мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде материалдар қабылданады.
  • Конференцияның жұмыс тілі: мемлекеттік және орыс тілі.
  • Конференцияның форматы: пленарлық және секциялық отырыс
  • Секциялық отырыс тақырыптары:

-       Қайым Мұхамедхановтың Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі;

-       Қайым Мұхамедханов -   абайтанушы;

-       Қайым Мұхамедханов өнегесінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

-       Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде Абай шығармаларын оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері.

 

  1. Конференция ұйымдастырушылары:

 

- «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ;

- қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі;

- «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК. 

 

  1. 3. Конференцияның мақсаты мен міндеттері:

 

Мақсаты:

  • Қ.Мұхамедхановтың өмірі мен Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесін зерттеу, ТжКБ оқу орындары білім алушыларының зияткерлік әлеуетін арттыру, ғылыми-зерттеу бастамалырын дамыту;
  • жаңартылған білім беру шеңберінде оқу үрдісін жаңғыртудың өзекті мәселелерін талдау, білім беру саласындағы инновациялық идеяларды қолдау жəне негіздеу.

 

 

Міндеттері:

  • Қ.Мұхамедхановтың ғылым мен мәдениет саласындағы еңбектерін зерделеу;
  • педагог қызметкерлердің жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде Абай шығармаларының оқытылуы туралы ғылыми-практикалық зерттеулерінің нәтижелерімен алмасу және оқу үрдісін жаңғыртудың шешімдерін ұсыну, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу.

 

  1. Конференцияға қатысушылар:

 

ШҚО  техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары оқытушылары мен білім алушылары, жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер оқытушылары (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, өзін-өзі тану, тарих).

 

  1. Қатысу тәртібі

 

    5.1.Конференция материалдарын жіберу төмендегідей тәртіппен ұйымдастырылады:

Конференция секциялары

Секцияға ұсынылған материалдарды қабылдау поштасы

Секция жұмысына қатысушылар санаты

1.      

Қайым Мұхамедхановтың Қазақстанның ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі

nur_020@mail.ru

ШҚО  ТжКБ оқу орындарының білім алушылары

2.      

Қайым Мұхамедханов -   абайтанушы

bitoleuova@mail.ru

ШҚО  ТжКБ оқу орындарының білім алушылары

3.      

Қайым Мұхамедханов өнегесінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

nurlanova2020@list.ru

ТжКБ, ЖОББ оқу орындарының өзін-өзі тану пәнінің педагог қызметкерлері

4.      

Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде Абай шығармаларын оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері

dinara.ospanova.1978@mail.ru

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер оқытушылары

 

5.2. Материалдар папкасы 2 файлдан тұрады:

1) берілген нұсқаға сәйкес сұраныс;

2) талаптар мен нұсқаға сәйкес жазылған мақала.

5.3. Әрбір қатысушыға: сертификат, электронды нұсқада конференцияның материалдар жинағы беріледі және www.pkollsemey.кz. сайтына жарияланады. Үздік баяндамашылар Алғыс хатпен марапатталады.

5.4. Конференцияға қатысуға сұраныс әр секцияға ұсынылған материалмен бірге көрсетілген электронды поштада 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін қабылданады (Қосымша1).

5.5. Материалдар электронды нұсқада «Қ.Мұхамедханов және ұлт мұраты» деген белгі бойынша қабылданады. 

5.6. Талаптарға сай емес материалдар қарастырылмайды. Мақалалар плагиатқа қарсы тексеріледі.  Бірегейлік 60%-дан төмен болмауы қажет.

 

  1. Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

 

          Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Ғылыми мақалалар базалық баспа стандарттары «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу», ГОСТ 7.5-98 сәйкес бойынша мақалалардың, «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және қағидасы» ГОСТ 7.1-2003 бойынша мақалалардағы библиографиялық тізімдердің ресімдеу жөніндегі базалық баспа стандарттарына сәйкес ресімделуі тиіс. Баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 12, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 мм, қалған жақтары – 20 мм, табуляция – 1,25 мм) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жоларалық қашықтықтан кейін – автордың аты-жөні және тегі, келесі жолға - лауазымы, ғылыми дәрежесі, бір жол төмен – мекеменің ресми атауы беріледі. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін көрсетіледі. Мақаланың библиографиялық сипаттамасы әдебиеттер жөніндегі барлық деректерден тұруы керек. Беттер нөмірленбейді. Мәтінде әдебиетке сілтеме  тік жақшада әдебиеттің тізімі және бет нөмірі көрсетіліп беріледі (мысалы, [1, 25 б.]).

         Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды. Баяндама үлгіде көрсетілгендей ресімделеді (Қосымша 2)

         Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

 

  1. Конференция өтетін орны

 

      Конференцияның өтетін орын: «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, мекен-жайы: 071402, Семей қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 150

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру алқасына хабарласуларыңызды сұраймыз:

Боленбаева Алия Каримовна, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, байланыс тел.: 8 778 247 03 12

Оспанова Динара Тоқабайқызы, колледж әдіскері, байланыс тел.: 8 775 746 56 61

Битолеуова Эльмира Даулетжановна, қоғамдық пәндер оқытушысы, байланыс тел.:  8 701 901 43 03