Меню
Байланыс
Адрес: ВКО, Жарминский район, Шарская г.а., город Шар, ул. Амангельды, 1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Жаңалықтар

Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы ретте колледж басшылығының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің ата-аналарымен жалпы жиналыс болып өтті. Шараға колледж директоры Омаров Б.Р., Жарма АПБ Шар қ. ПБ ЖПҚБ КТіБ УПИ полиция лейтенанты Алпысбаев Ернат Мұратұлы, колледж əкімшілігі, психолог Нұрасыл Г. О. жəне ата-аналар қатысты. Жиналыстың күн тəртібінде бірнеше мəселе қаралды. Аталмыш жиын барысында ата-аналарға оқушылардың білім деңгейі мен тəртібі, алдағы атқарылар жұмыстар мəселелері қаралды. Ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ мамандар даярлауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

@abai_bilim_basqarmasy @abai_imc

Шымырлық пен шеберлік күні

18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні
Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады. Осыған орай колледжімізде наурыз айының 17 жұлдызы "Наурыз-құт, береке бастауы!" мерекелік іс-шараның жоспарына сәйкес оқытушы Садуакасова Ж.Б. мен Жакупов Р.Д.-тың ұйымдастыруымен "Шымырлық пен шеберлік" атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Осындай ұлттық ойындар баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.
Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз. Наурыз айында Ұлттық спортты қолдайық!



Читать далее
17 march 2023, 16:49   
КДП №3

ҚАБЫРҒА ГАЗЕТТЕРІ

Колледжімізде “Наурыз-құт береке бастауы” мерекелік іс-шараның жоспарына сәйкес мерекелік тақырыпта студенттедің қабырға газеттері.

 



Читать далее
17 march 2023, 12:25   
КДП №3

Жұма күнгі челендж

Жұма қабыл болсын. Колледжімізде әр апта сайын дәстүрімізге айналған челленджіміз өзінің жалғасын табуда. Бүгінгі күні оқытушы Итбаева Р.И. өзінің 1АС тобымен челленджді жалғастырып, оны оқытушы Аскарбекова К.А және оның 1Т/Ө тобына жолдады.



Читать далее
17 march 2023, 11:12   
КДП №3

“Қош келдің Наурыз” атты зияткерлік күні.

Ағымдағы жылдың 15 жұлдызы оқытушы С.К. Кожебаева мен кітапханашы Л.К.Рамазанованың ұйымдастыруымен оқытушылар мен студенттерге “Наурыз-құт, береке бастауы!” мерекелік іс-шараның жоспарына сәйкес “Қош келдің Наурыз” атты зияткерлік күні өтті. Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Сұрақ сайысымыз өте қызықты әрі тартымды болды. Студенттер сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, көптеген қызықты мәліметтермен білімдерің нығайта түсті.



Читать далее
15 march 2023, 17:19   
КДП №3

№ 4 әдістемелік кеңес отырысы.

№ 4 әдістемелік кеңес отырысы.



Читать далее
15 march 2023, 17:16   
КДП №3

КӨРІСУ КҮНІ

14-наурыз “Көрісу күні” Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз - жаңару мейрамы.
Ешкім бұл күн ежелгі ерегесін,
Ескі кегін қоздырып, ақы алмайды.
Өткен жылғы өкпесін, өкінішін,
Жаңа жылға арқалап апармайды.
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу бұл көненің жемісі еді.
«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып, Ақ ниетпен, адал қол беріседі.
Көрісу күні құтты болсын!

 



Читать далее
14 march 2023, 12:03   
КДП №3

“Қасиетті жұма” челленджі

Жұма қабыл болсын! Жұма күнгі жасаған игі істеріңіз бен тілектеріңіз қабыл болсын. Атар таңдарыңызды жақсылықтармен қарсы алып, батар күндеріңіз шуақты болсын! Бүгінгі күнде колледжімізде апта сайын дәстүрге айналғантті жұма” челленджі өз жалғасын табуда. Бүгін өз кезегін Калиева Г.А. және 6 АС тобымен челленджді жалғастырып, оны Итбаева Р.И. және оның 1АС тобына жолдады.

 



Читать далее
13 march 2023, 08:05   
КДП №3

Черепанова Алена мен Сергей Найденовқа пәтер кілті табыс етілді

Әр адамның ең басты құндылығы- отбасы, туып-өскен жері, баспанасы. Әрдайым оралатын жылы, мейірім мен сүйіспеншілікке толы үйі. Бірақ, өкінішке орай, көптеген балалар осындай мүмкіншіліктен айырылған. Кішкентайынан мемлекет қарамығында өсіп, тәрбиеленген, қазіргі таңда студент дәрежесіне жеткен «Жарма технология колледжі» коммуналдық мемлекттік мекемесінде оқитын Черепанова Алена мен Сергей Найденовқа да осындай қуаныш бұйырды. Ұзақ жылдар бойы осы пәтерлерге кезекте тұрып, колледж қызметкері тәрбиеші Жакупов Ринат Дусенбекұлы құжаттарды жинап, рәсімдеу жұмыстарына ат салысып, осы атқарылған жұмыс негізінде, Өскемен қаласының әкімшілігі тарапынан шешім қабылданып, биылғы жылы екеуіне де Өскемен қаласынан 1 бөлмелі пәтерлердің кілттерін табыстау сәті келіп жетті.



Читать далее
07 march 2023, 10:19   
КДП №3

"Сыйынамын ана деген тәңірге" атты мерекелік концерт

"Жарма технология колледжі" КММ мен Шар қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған "Сыйынамын ана деген тәңірге" атты мерекелік концерт өтті. Концертте колледжіміздің жастары өздерінің үлестерін қосып, сахнада өз өнерлерін халыққа паш етті.



Читать далее
07 march 2023, 10:17   
КДП №3

Жұма күнгі челендж

Колледжімізде дәстүрге айналған "Қасиетті жұма" челленджі оқытушы Тонтаев М.Б. жәнеоның 4Ф тобымен жалғасын табуда. Келесі кезекті оқытушы Калиева Г.А. және 6АС тобына жолдады.



Читать далее
06 march 2023, 07:58   
КДП №3