"Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20624 болып тіркелді.
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тұлғалардың білім беру ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:
1) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес стандартта келтірілген.
"Хореография өнері" мамандығына оқуға түсуші тұлғалар білім беру ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3 және 9-4 тармақтармен толықтырылсын:
"9-1 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
9-2. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жолдайды.
9-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін түсу емтихандары:
орта буын мамандарын даярлау үшін және:
1) бастауыш білімі барлар үшін ("Хореография өнері" мамандығы ("Балет әртісі" біліктілігі) бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) - бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша;
2) негізгі орта (негізгі жалпы) білімі бар оқуға түсушілер үшін - негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;
орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау үшін және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша;
2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейінді пәні бойынша өткізіледі.";
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары - күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйегі аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар - күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.";
30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.";
31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиялары орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына түсушілердің назарына - күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша - күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына - күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стендтерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.";
осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 3, 4, 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасы |
|
Техникалық және кәсіптік, |
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандығының коды |
Мамандықтың атауы |
Жалпы орта білім базасында бейінді пән атауы |
0100000 - Білім беру |
||
0103000 |
Дене тәрбиесі және спорт |
1 шығармашылық емтихан |
0104000 |
Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) |
Математика |
0105000 |
Бастауыш білім беру* |
Математика |
0108000 |
Музыкалық білім беру |
1 шығармашылық емтихан |
0110000 |
Білім беру ұйымдарындағы лаборант |
Биология |
0200000 - Құқық |
||
0201000 |
Құқықтану |
Дүниежүзі тарихы |
0202000 |
Құқық қорғау қызметі |
Дүниежүзі тарихы |
0203000 |
Патенттеу |
Дүниежүзі тарихы |
0300000 - Медицина, фармацевтика |
||
0301000 |
Емдеу ісі |
Биология |
0302000 |
Медбикелік іс |
Биология |
0303000 |
Гигиена және эпидемиология |
Биология |
0304000 |
Стоматология |
Биология |
0305000 |
Зертханалық диагностика |
Биология |
0306000 |
Фармация |
Химия |
0307000 |
Ортопедиялық стоматология |
Биология |
0308000 |
Медициналық оптика |
Биология |
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару |
||
0501000 |
Әлеуметтік жұмыс |
Дүниежүзі тарихы |
0507000 |
Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
Математика |
0512000 |
Аудармашы ісі (түрлері бойынша) |
Шетел тілі |
0513000 |
Маркетинг (салалар бойынша) |
Математика |
0514000 |
Бағалау |
Математика |
0515000 |
Менеджмент (қолданылу салалары және аясы бойынша) |
Математика |
0516000 |
Қаржы (салалар бойынша) |
Математика |
0517013 |
Статистика |
Математика |
0518000 |
Есеп және аудит (салалар бойынша) |
Математика |
0519000 |
Экономика (салалар бойынша) |
Математика |
1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология Электрондық техника |
||
1305000 |
Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша) |
Математика |
1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология |
||
1513000 |
Ветеринария |
Биология |
Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы мамандық бойынша берілетін біліктіліктің түріне қарай айқындайды.
|
Қазақстан Республикасы |
|||
|
Техникалық және кәсіптік, |
|||
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; |
|
|
3 |
Мемлекеттік |
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін: |
|
|
4 |
Көрсету нысаны |
электрондық/қағаз түрінде |
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қолхат беру. |
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. |
|
|
8 |
Құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: |
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады; |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|||
|
Техникалық және кәсіптік, |
|||
|
Нысан |
|||
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат
Оқу орны _________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
__________________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат
_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)
20__ ж. "__" _____________
|
Қазақстан Республикасы |
|
Техникалық және кәсіптік, |
|
Нысан |
|
Көрсетілетін қызметті |
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды _________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________;
3)....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/
білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) _________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә.
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ ж. "___" ______________
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған).
2) "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 63 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13356 болып тіркелген, Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 наурызда жарияланған).
3) "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 212 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17055 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4) "Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 553 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17765 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 қарашада жарияланған.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК