Абай облысы білім басқармасы
«Жарма технология колледжі»КММ
Шар қаласы
«Жарма технология колледжі» КММ cтудентінің анықтамалық - жолсілтеушісі
Анықтамалық-жолсілтеуші Жарма технология колледжінің басқару құрылымы, мамандықтар, ішкі тәртіп ережесі, кітапхананы пайдалану ережесі туралы жалпы мәліметтерді қамтиды. Анықтамада оқу процесін ұйымдастыру, аралық аттестаттау мен емтихан сессиялары бойынша негізгі талаптар, студенттерді ауыстыру, шығару, қайта қабылдау механизмі және т.б. жайлы ақпарат берілген.
Анықтама-жолсілтеуші Жарма технология колледжіне түсуші талапкерлер мен студенттеріне арналған.
МАЗМҰНЫ
1. |
Алғы сөз |
|
2. |
Колледж туралы жалпы мәлімет |
|
3. |
Жарма технология колледжінің басқару құрылымы. |
|
4. |
Білім алушыларға қажет нормативтік құжаттардың сілтемелері. |
|
5. |
Шәкіртақы тәртібі |
|
6. |
Студенттерге арналған ереже |
|
7. |
Типтік оқу жоспарының кестесі |
|
8. |
Өндірістік оқыту және кәсіптік практиканың түрлері |
|
9. |
Өндірістік оқыту және кәсіптік практиканың графигі |
|
10. |
Оқу кабинет атаулары |
|
11. |
Үйірме, секция, факультативтер |
|
Құрметті талапкер!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті еліміздің еңбек нарығына қажетті кәсіби мамандар даярлауға көшуі бағытында қомақты жұмыстар атқарып отыр. Тың өзгерістерге бет бұра бастаған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де қазақстандық экономикалық дамуға өз үлесін қосуда. Бүгінгі уақытта нақты мамандыққа бейімделген, заманауи технологиялар мен инновациялық - ақпараттық әдіснамаларды, акмеология мен аксеология саласындағы жаңалықтарды тиімді игеруде жұмысшы мамандарды даярлайтын білім мекемелері прогрессивті даму потенциалын көрсетіп келеді.
Сіздер кәсіби білім жүйесіндегі ауқымды өзгерістерімен, еліміздің жаңарып жатқан үдерісімен бірге өсіп, жетіліп келе жатқан оқу мекемесін таңдадыңыздар. «Жарма технология колледжі» КММ-сі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру бағытында белсенді жұмыс атқаруда.
Сіздердің білім алуларыңызға тиімді жағдай жасау үшін колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп, оқу үдерісінде білім беруге арналған заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кең түрде пайдаланылады. Оқытушылардың шығармашылық әлеуеті мен оқу мекемесінің материалдық - техникалық базасы білім беру қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Колледждің тәрбиелік іс шаралар нысаны тұлға бойында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптастыру. Колледжде 150 орындық асхана және басқа аудандар мен ауылдардан келіп оқитын студенттерге арналған 120 орындық жатақхана бар.
Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Ұлт келешегі әлеуметтік сананың сапасына, рухани дамудың дәрежесіне тікелей байланысты. Колледжде студенттердің білім сапасына айрықша мән бере отырып, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқу орнының басты мақсаты – кәсіби білім беру жүйесін озық методологиямен ұдайы жүйелеп отыру, білім берудегі жетілген дағдылар түрін меңгерген білікті мамандарды даярлау.
Сапалы білім – жарқын болашаққа жетелейтін жол. Сіздер колледждің ізденімпаз, жаңалыққа бейім ұстаздарынан білім ала отыра, қоғамдағы азаматтық бағдары нық жеке тұлға, креативті, жаңа формациялы маман ретінде қалыптасуға мүмкіндіктеріңіз мол. Сіздерді колледж өміріне белсене араласады деп сенеміз. Колледж оқытушылары сіздердің студенттік өміріңіздің сан қырлы болуына барлық жағдай жасайды. Біз сіздердің шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктеріңіздің іске асуына көмектесеміз.
Б.Р.Омаров
«Жарма технология колледжі » КММ директоры
Колледж туралы жалпы мәлімет
Шар қаласындағы «Жарма технология колледжі» КММ-сінің іргетасы Қазаншұңқыр ауылындағы училищенің бөлімшесі ретінде 1959 жылы қаланды. 1960 жылы Шар қаласында ҚазССР Министрлер кеңесінің бұйрымен ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын №161 училищесі борлып ашылды.
Ауылды елді мекендерде ауыл шаруашылығын қажетті мамандармен қамтамасыз етуде , жастарға кәсіптік білім беруде, бұл оқу орны еліміздің экономикасының дамуына орасан зорп үлес қосуда.
Алғашқы берілген мамандықтар: «Кең көлемді тракторист-машинист», «Аспазшы-есепші», «Тігінші», қысқа мерзімде оқытылатын «ВС» категориялы жүргізуші, «Механизатор»
Қызметі осылай басталған білім ошағының әр дәуірге сәйкес өзгеру, өсу жолына түскен күні бүгінге дейінгі ғұмырбаяндық анықтамасын қысқа тұжырымдап шықсақ, төмендегідей деректер тізбегі пайда болар еді.
1960 жылы, №161 орта кәсіптік училище.
1984 жылы, №21 орта кәсіптік-техникалық училище.
1996 жылы, №21 кәсіптік-техникалық мектеп.
2005 жылы, №21 кәсіптік мектеп.
2009 жылы, №4 кәсіптік лицей.
2012 жылы, оқу орнының атауы Жарма технология колледжі болып ауыстырылды.
Колледж Мемлекеттік лицензия бойынша ауыл шаруашылығына қажет кадрларды келесі мамандықтар бойынша күндізгі оқыту түрінде даярлайды.
№ |
Шифр және мамандықтын атауы |
Біліктілігі |
Оқу мерзімі |
|
9-сынып |
11-сынып |
|||
1. |
150400 «Фермер шаруашылығы» |
1504062 «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист» |
3жыл 10 ай |
|
2. |
1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» |
1510043 «Техник-механик» |
3жыл 6 ай |
|
3. |
1114000 «Дәнекерлеу ісі» |
1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші» |
|
10 ай |
4. |
1513000 «Ветеринария» |
1513022 «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы» |
3жыл 10 ай |
|
5. |
1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» |
1201072 «Автокөлікті жөндеу сласері» |
2жыл 10 ай |
|
6. |
1500000 «Фермер шаруашылығы» |
1504042 «Аспазшы» |
2жыл 10 ай |
|
«Жарма технолгия колледжі»КММ-нің
Басқару құрылымы
1. |
Омаров Берик Рамазанович |
Колледж директоры |
2. |
Сейтказин Бейбут Кубайдуллинович |
Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары |
3. |
Құнапия Назира Құмарқызы |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
4. |
Атанова Алия Зуюферовна |
Директордың оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары |
5. |
Тунгатова Гульжан Слямовна |
Әдіскер |
7. |
Мырзахан Алмаз Ильялович |
Шаруашылық ісі меңгерушісі |
8. |
Жиенбаева Шолпан Жардановна |
Бас есепші |
9. |
Құсайнова Сауле Жумабековна |
Кадр бөлімі меңгерушісі |
10. |
Нұрасыл Гүлім Оразбекқызы |
Психолог |
11. |
Хамал Диас Әділжанұлы |
ИКТ технигі |
12. |
Искакова Айжан Қайратқызы |
Кітапханашы |
13. |
Садуакасова Жазира Байдолдановна |
Алғашқы әскери дайындық жетекшісі |
14. |
Игенова Ляйля Батыховна |
Медбике |
Пәндік-әдістемелік комиссия жетекшілері:
Колледждің заңды мекен – жайы:
070619 Абай облысы Жарма ауданы Шар қаласы, Амангелді көшесі,1 үй
Тел/факс: 8 (72345)2-19-76
Е-mail : sharpl-4@mail.ru
Сайт: sharcollege.edu.kz
Білім алушыларға қажет нормативтік құжаттардың сілтемелері
Шәкіртақы мен оқу төлемақысының тәртібі
беру мекемелерінде оқитын жекелеген категорияларға мемлекеттік шәкіртақы төлеу туралы Ережелерге сәйкес (ҚР БжҒМ 17.02.2008ж. бекітілген №116 және 18.07.2011ж. №815 бұйрықтары) белгілі мөлшерде (ағымдағы жыл шәкіртақысының мөлшері ҚР «Бюджет туралы» Заңына сәйкес өзгеруі мүмкін) ай сайын төленетін мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскен І, ІІ (11 сыныптан кейін) курс студенттеріне І семестрде мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің келесі оқу семестріне шәкіртақы өткен емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді. Шәкіртақыны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын, емтихан сессиясының нәтижесі мен білімді бақылау түрлерінің барлығы бойынша «жақсы», «үздік» баға алған, үлгерімі жақсы студенттерге тағайындайды және емтихан сессиясы өткен соң келесі айдың бірінші күнінен бастап, ай сайын төленеді.
Оқу курстарының төлемақыларын колледж есеп шотына «Халық Банк» төлем терминалдары мен барлық бөлімшелері арқылы төмендегі реквизиттер бойынша аударуға болады:
КГУ «Жарминский технологический колледж» УО Абай
БИН 000740001964
ИИК KZ48070102KSN1801000 (бюджетный)
БИК KKMFKZ2A
РГУ Комитет Казначейства Министерства Финансов РК
КБЕ: 12
Студенттерге арналған ережелер
Студенттерді оқуға қабылдау және шығару тәртібі
«Жарма технолгия колледжі» КММ-нің студентінің
Ар-намыс Кодексі
Колледж оқушысы мыналарды орындауға және білуге міндетті :
Колледж студентіне қойылатын бірыңғай талап
Е Р Е Ж ЕС І
І. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ішкі тәртіп ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Жарма технолгия колледжі» КММ
(бұдан әрі – колледж) оқу тәртібін реттейтін негізгі ішкі нормативтік актісі болып табылады.
Колледждің ішкі тәртіп Ережесін оқу орнында оқитын білім алушылар орындауға міндетті.
Колледж білім алушыларының құқығы:
2.1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
2.2. Өзінің адамдық қадір-қасиеттерін сақтауға, ар-ұждан мен ақпараттық еркіндікке, жеке көзқарастары мен ой-пікірлерін білдіруге;
2.3. Колледждің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге, оның ішінде қоғамдық жастар ұйымдары мен колледжді басқару органдарына сайлау мен сайлануға;
2.4. Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорлар, сондай-ақ білім беру, медициналық, өзге де құрылымдардың қызметтерін ақысыз пайдалануға;
2.5. Барлық шығармашылық жобалардың түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстары, конференциялар, жиналыстар, байқаулар мен фестивальдарға қатысуға; жұмыстарын түрлі мерзімді баспаларға жіберуге;
2.6. Сабақ беру сапасы мен әдістері жөнінде пікірін білдіруге және оларды жақсартудың жолдары жөнінде ұсыныстар жасауға;
Колледж білім алушылары міндетті:
3.1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы Заңында бекітілген міндеттерді орындауға.
3.2. Колледж Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін сақтауға; педагогикалық Кеңес шешімдерін, директордың бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға;
3.3. Өзге де білім алушылар мен педагог қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, басқалардың көзқарастарын сыйлауға;
3.4. Колледждің барлық оқу түріндегі білім алушылары білім алуға, тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, емтихандар мен сынақтарды дәл оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларында көрсетілген уақытта (емтихандық сессия) тапсыруға ;
3.5. Мәдени және кәсіби деңгейлерін көтеруге;
3.6. Колледж директоры бекіткен еңбекті сақтау, техникалық қауіпсіздікті, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасын бақылау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауға байланысты ережелер мен нұсқауларды орындауға; “Тазалық сенбіліктеріне” жүйелі түрде қатысып тұруға;
3.7.Апатты жағдайлар мен төтенше оқиғалар жөнінде әкімшіліктің арнайы бөлімшелеріне шұғыл хабар беру және оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауға;
3.8. Коледждің мүлкіне ұқыпты қарап, оны бүлдірмеуге, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгілі ережелерін орындауға; техникалық заттар мен қондырғыларды қажетті мақсатта қолдануға, оқу орнында тазалық сақтауға, электр қуаты, жылу, су мен өзге де пайдалы қорларды үнемдеуге;
3.9. Этикалық талаптарға сай әрекет етуге, колледждің іскерлік абыройына нұқсан келтірмеуге міндетті.
4.1. Дауыс көтеріп сөйлеуге, балағат сөздерді қолдануға, сабақ кезінде дәлізде бос жүруге;
4.2. Біреуді қорқытып-үркітуге, дөрекі сөйлесіп, ар-намысын аяққа таптауға, ұрлық жасауға, колледждің және оның қабырғасында білім алушы немесе оқытушыларының жеке мүліктеріне қасақана зиянын тигізуге, бұзақылық жат әдет-қылыққа жол беруге (дөрекі қылық, айқайлау, түкіру);
4.3. Оқу корпусы, жатақхана мен олардың төңірегіндегі жерлерде шылым шегуге;
4.4. Спирттік ішімдіктерді және есірткі заттарды қолдануға ;
4.5. Әкімшіліктің рұқсатынсыз түрлі құрал-жабдықтарды және өзге де мүліктерді алып шығуға;
5.1. Оқу орнының ішкі тәртіп Ережесінде, колледж жатақханасының ішкі тәртіп Ережесінде, қарастырылған міндеттерді бір мәрте немесе жүйелі түрде орындамағаны үшін төмендегі тәртіптік жаза шаралары қолданылады:
1) ескерту;
2) қатаң сөгіс;
3) жатақханадан шығару;
4) колледжден шығару;
5) Колледж бен жатақханадан шығару.
Білім алушылар төмендегідей жағдайларда жауапкершілікке тартылады:
Білім алушының оқудан шығарылуына негіз болатын басқа да жайттар төмендегідей:
Колледж студенттерін жатақханаға орналастыру тәртібі
Жатақхананың 1- қабатында кітапхан орналасқан. Онда студенттерге компьютер, ИКТ құралдарымен жабдықталған 16 орындықты оқу залы бар.
1-қосымша нысан
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама
( техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекен-жайы)
Азамат(ша) -----------------------------------------------------------------
( тегі,әкесінің аты (бар болса)
Жатақханаға орналасуға жіберемін. Бөлме №
Жатақхананың--------------------------------------------- мекен-жайы
20___ ж. « » ____сағатта__________ келуді ұсынамын.
Директор_____________
20________ж. « »___________
М.О.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
---------------------------------------------------------- директоры
( оқу орны директорының Т.А.Ә (бар болса)
------------------------------- мамандығы бойынша
--------------------------тобының
Студенті---------------
Т.А.Ә.(бар болса)
Өтініш
Маған жатақханадан бір орын беруіңізді сұраймын.
Келу
Орны---------------------------------------------------
20—ж. « » -------- қолы
Жатақханаға оқуға түскен барлық студенттер орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2)отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
3) Жетім балалар үшін ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі
4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама
5) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №142-1 бұйрығымен
Жатақханаға алғаш келген студенттер «Жатақхананың ішкі тәртібі» және «Жатақхана тұрғындарының міндеттері мен құқықтары туралы ережесімен» таныстырылады. Жатақхана тұрғындарының күн тәртібі бекітілген.Күн тәртібіне сай сағат 21.00-ден кейін жатақханаға кіруге және шығуға тыйым салынады, 22.00-де демалу уақыты белгіленген. Жатақхана тұрғындарының қауіпсіздігі мен тәртібін бақылау мақсатында жатақхананың әр қабаттарында бейнебақылау камералары орнатылған.
Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін әр қабатта теледидар орналасқан. 1 қабатта интернет-зал бөлмесі бар, онда жатақхана тұрғындары қосымша білім алады , ол жер кешкі сағат 21.30-ге дейін істейді.
Жатақхана тұрғындарына бір-бірін сыйлау, құрметтеу, бірлесе жұмыс істеу, бауырмалдыққа үйрету,салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие беру мақсатында жатақхана тәрбиешілері, Жастар комитеті және жатақхана кеңесімен бірлесе тәрбие жоспары құрылып сол бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Салауатты өмір салтын ұстану бағытында әр түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі.Жатақханада тәрбие жоспарына сай әр түрлі іс-шаралар өтеді, айына 2 рет би кеші болады.
Жастар комитеті мен жатақхана кеңесі тығыз байланыста, бірлесе отырып көптеген мерекелік іс-шаралар жүргізіліп отырады.Әр сәрсенбі сайын жатақхана кеңесінің отырысы өтеді, оған жатақхана студенттер кеңесінің белсенді мүшелері қатысады.
Жатақхана ережесінен үзінді
Жарма технология колледжі жатақхана тұрғындарының Ережесі
Жалпы Ереже
Жатақханада колледж білім алушылары оқу мерзімі уақытында тұрады.
Жатақхана тұрғындарының құқықтары:
Жатақхана тұрғындарының міндеттері:
Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:
Жатақхананың жалпы ережесін сақтамағанына байланысты жатақхана тұрғындарының жауапқа тартылуы:
Жатақхана Кеңесі мүшелерінің Ережесі
Жатақхана старостасының міндеттері:
Тазалық секторының міндеттері:
Бөлме старостасының міндеттері:
Бөлме старостасын бөлме тұрғындары сайлайды. Жатақхана әкімшілігінің ұсынысымен келісілген ұсынысты жатақхана коменданты бекітеді.
Бөлме старостасының құқығы:
Жатақхана кезекшісінің міндеттері:
Қабат кезекшігі тазалық секторы құрған кестеге сәйкес жұмыс жүргізеді.
Бөлме кезекшісінің міндеттері
Бөлме кезекшілігі бөлме старостасы құрған кестеге сәйкес тағайындалады және бөлме (қабат) старостасына, қабат тазалық секторына, жатақхана комендантына және тәрбиешіге бағынады.
Қосымша ережелер
Кабинеттер мен шеберханалар, зертханалар тізімі
Кабинет номері |
Кабинет меңгерушісі |
Кабинет атауы |
Жауапты топ жетекшісі мен топ шебері |
О Қ У К А Б И Н Е Т Т Е Р І |
|||
1
|
Калиева Гүлжан Аманбековна |
Тамақ дайындау технологиясы
|
Калиева Г.А.
|
2 |
Садуакасова Жазира Байдолдановна |
Алғашқы әскери дайындық |
Садуакасова Ж.Б. . |
3 |
Берікболова Нұргүл Дарханқызы |
Жолда жүру ережелері |
Берікболова Н.Д. |
4 |
Игенова Ляйля Батыховна |
Мед.кабинет |
Игенова Л.Б. |
5 |
Мейрамбаев Нурбол Еркенұлы |
Трактор және автокөлік қозғалтқыштары |
Мейрамбаев Н.Е. |
6 |
Көжебаева Сымбат Касымжановна |
Экономика және бухгалтерлік есеп |
Көжебаева С.К. |
7 |
Бектурганов Бекболат Толегенович |
Элекр газымен дәнекерлеу |
Бектурганов Б.Т. |
11 |
Кенжебай Асылбек Арыстамбекулы |
Ауыл шаруашылығының өндірісі |
Кенжебай А.А. |
12 |
Искакова Айжан Қайратқызы |
Тілдер |
Искакова А.Қ. |
13 |
Агиева Гульмира Сакеновна |
Тарих |
Агиева Г.С. |
14 |
Сапинова Аяжан Амангелдіқызы |
Тігін технологиясы |
Сапинова А.А. |
15 |
Нұрасыл Гүлім Оразбекқызы |
Психолог кабинеті |
Нұрасыл Г.О. |
16 |
Жумагалиева Кульжанат Максутовна |
Физика |
Жумагалиева К.М. |
17 |
Хамал Диас Әділжанұлы |
Информатика |
Хамал Д.Ә. |
18 |
Жумабеков Бапын Хасенович |
Математика |
Жумабеков Б.Х. |
Ш Е Б Е Р Х А Н А Л А Р |
|||
Шеберхана номері |
Шеберхана меңгерушісі |
Шеберхана атауы |
Жауапты өндіріс шебері |
1 |
Мейрамбаев Нурбол Еркенұлы |
Слесарлық іс-шеберханасы |
Мейрамбаев Н.Е. |
2 |
Мырзахан Дәурен Нұрланұлы |
Ағаш шеберханасы |
Мырзахан Д.Н. |
3 |
Мырзаханов Мадетказы Кунтаевич |
Ауылшаруашылық машинасы шеберханасы |
Мырзаханов М.К. |
9 |
Омаров Серик Рамазанович |
Токарлық іс шеберханасы |
Омаров С.Р. |
10 |
Калимбеков Серикбек Базарбекович |
Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу шеберханасы |
Калимбеков С.Б. |
11 |
Сапинова Аяжан Амангелдіқызы |
Тігін шеберханасы |
Сапинова А.А. |
З Е Р Т Х А Н А Л А Р |
|||
4 |
Мусаханова Кымбат Аскаровна |
Іштен жану қозғалтқыш зертханасы |
Мусаханова К.А. |
5 |
Оразгалиев Қуат Камаданович |
Автокөлік зертханасы |
Оразгалиев Қ.К. |
6 |
Оразгалиев Куат Камаданович |
Электр қондырғылары зертханасы |
Омаров С.Р. |
7 |
Хасенов Куат Хайдарович |
Электрмен дәнекерлеу зертханасы |
Хасенов К.Х. |
8 | Калимбеков Серикбек Базарбекович |
Қозғалтұқыштарды оталдыру зертханасы |
Калимбеков С.Б. |
12 |
Итбаева Райгуль Ибрагимовна |
Аспазшы зертханасы |
Итбаева Р.И. |
Колледжде жүргізілетін үйірмелер, секциялар, факультативтер
2023-2024 оқу жылындағы ПӘК үйірмелері
№ |
Үйірме атауы |
Бағыты |
Жетекшісі |
Жұмыс күндері |
1 |
Баскетбол спорт секциясы |
Салауатты өмір салты |
Жакупов Р.Д. |
|
2 |
Үстел теннисі секциясы |
Салауатты өмір салты |
Жакупов Р.Д. |
|
3 |
Волейбол спорт секциясы |
Салауатты өмір салты |
Жакупов Р.Д. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жарма технология колледжінің студент жігіттерінің
Ар-намыс КОДЕКСІ
Ұлттық рухымызды биік ұстап, жігерімізді жасытпай, абыройымызды асқақтатып, иманымызды берік етіп, намысымызды түсірмей, Отан қорғауға дайын нағыз ер жігіт бола білейік!
Студент жігіттердің жалпы
жиналысы , (күні, жылы)
Жарма технология колледжінің студент қыз балаларының
Ар-намыс К О Д Е К С І
Студент қыздардың жалпы
жиналысында қабылданған
(күні, жылы)