Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты үндеуі
Су тасқыны салдарынан елдегі күрделі жағдайға байланысты Президент ел азаматтарына арнайы үндеу жолдады. Мемлекет басшысы алапат тасқынмен күресу үшін барлық шаралар қабылдап жатқанын айтты. Төтенше жағдай жарияланған он аймаққа жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарлары жіберіледі. Сондай-ақ, су басқан өңірлерге қосымша әскери күштер жұмылдырылады. Елдегі жағдай күрделі. Халыққа үндеу жасаған Президент соңғы 80 жылда болмаған апатпен арпалысып жатқанымызды айтты. Қазір он аймақта төтенше жағдай жарияланған. Бастысы – азаматтарымыздың амандығы. Үкімет тарапынан шығынды өтеу жұмыстары қарастырылуда. #күшімізбірлікте