ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ!

ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ!
Еңбек күніне орай «Жарма технология колледжі» КММ ұйымдастыруымен қалалық жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкенің мақсаты – еңбекті дәріптеу, жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру және білім алушылардың кәсіби шеберлігін көрсету.
Іс-шара барысында колледж студенттері өз қолдарымен дайындаған өнімдерін ұсынып, аспаздық және тігін бағыттары бойынша өз жұмыстарын таныстырды.
Жәрмеңке еңбек адамын құрметтеуге, кәсіптік білімнің маңызын насихаттауға және жастарды адал еңбекке баулуға бағытталды.
Еңбек – елдің берекесі, еңбектің жемісі – жетістік!