Колледж барысы – 2024
Колледж барысы-2024
08.11.2024 жылы «Жарма технология колледжі» КММ ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында қазақ күресінен «Колледж барысы – 2024» облыстық турниры өтті. Жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасау.
Спорттық додаға облыстың 13 колледжінен, 30 студент қатысты.
Жарыстың салтанатты ашылуында жарыстың құрметті қонақтары, атап айтсақ Жарма ауданы әкімінің орынбасары Нургалиев Р.Ж., Абай облысы білім басқармасының ТжКББ бөлімінің басшысы Жакупбаева В.К., облыстық инновациялық – әдістемелік орталығының әдіскері Бласбаев С.К. құттықтау сөздерін жолдап, кезегімен ортаға шыққан жас палуандарға сәттілік тіледі.Финалға жолдама алған он екі палуан ақтық сайыста белдесіп, келесі нәтижелер көрсетті:
70 кг салмақ дәрежесінде:
І орын – Мақсұтов С. (Жоғары шәкәрім колледжі)
ІІ орын – Сарқытұлы Б. (М.О.Әуезов атындағы педогогикалық колледжі)
ІІІ орын Кубок иегері – Сейдрахман И. (Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі
ІІІ орын – Мұхамеджанов А. (Азаматтық қорғау жоғары колледжі)
90 кг салмақ дәрежесі:
І орын –Муратбеков Б. (Семей көпсалалы колледжі)
ІІ орын-Файзов Б. (Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі )
ІІІ орын Кубок иегері – Сулейменов Б. (Көлік колледжі)
ІІІ орын – Дәулетбеков М. (М.О.Әуезов атындағы педогогикалық колледжі)
90+ кг салмақ дәрежесі:
І орын –Жемагулов Д. (Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі)
ІІ орын – Толымбеков М. (Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжі )
ІІІ орын Кубок иегері – Мұқанов Қ. (Көлік колледжі)
ІІІ орын – Қанабеков Б. (Жоғары гуманитарлық заң және техникалық колледжі)
Номинациялар:
«Ең жас палуан» — Дулатов Е. (Көлік колледжі)
«Жеңіске деген құштарлығы үшін» — Асқаров А. (Бизнес және сервис колледжі)
«Техникалық әдістер көрсеткені үшін» — Енсенов А (Жарма технология колледжі)
Жеңімпаздар Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығының дипломдарымен, медаль, колледж барысы кубогымен марапатталды.
Жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Колледж барысы» жарысы көптеген жас жеткіншектерді қызықтырып, осы спорт түріне жетелеп жатқаны мақтанарлық, сондықтан біздің міндетіміз-қазақ спортының дамуына үлесімізді қосу.
@abai_bilim_basqarmasy
@abai_imc
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
#біртұтас_тәрбие
#колледжбарысы
https://www.instagram.com/reel/DCHHsh2Npjm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==