"Оқу көшбасшысы" тақырыбында викторина
2024 жылдың 16-қазанында колледж кітапханасында 4АШМ тобымен «Оқу көшбасшысы» тақырыбында викторина өткізілді. Викторинаның мақсаты: әр түрлі іс-шаралар арқылы білім деңгейлерін, оқуға деген сүйіспеншіліктерін, кітапқа қызығушылықтарын ояту. Сергіту мақсатында алдымен логикалық сұрақтарға жауап алынды. Студенттер 2 командаға бөлініп әр түрлі тақырыптарға қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. «Білімділер» командасы логикалық сұрақтарға жақсы жауап берсе, «Көшбасшы» командасы викториналық сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, бірінші орынды иеленді.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы
@abai_bilim_basqarmasy
@abai_imc
https://www.instagram.com/p/DBN6qXFu5Wt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==