Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Желтоқсан батырларымен кездесу

2023 жылдың 11 желтоқсанында «Ерліктің дастаны» атты тарих-география апталығы аясында Желтоқсан оқиғасына қатысушы, колледжіміздің оқытушысы Бектурганов Бекболат Толегенович 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау;
Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.
Кездесу барысында жас студенттерге өзінің көзімен көрген оқиғаларымен бөлісіп, тағылымға толы әңгімелерін баяндады. Студенттермен естелікке суретке түсіп, шағын сыйлығымызды тарту еттік. Тарихты көзімен көрген, тарихта аты қалған тұлғалардың ерлігі мен батырлығына бас иеміз.