"Тұрмыстық-зорлық зомбылыққа жол жоқ!" тақырыбында жиналыс
"Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз 16 күн" атты республикалық акция аясында 2023 жылдың 21-шы қарашасында «Жарма технология колледжі» КММ Кәсіподақ ұйымы жанындағы жұмысшы әйелдер комиссиясының мүшесі Берікболова Н.Д. қызмет атқаратын әйелдер қауымы арасында «Тұрмыстық-зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында жиналыс өткізді.
Мақсаты: отбасындағы зорлық — зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы отбасының рөлін қалыптастыру, тұрмыстық-зорлық зомбылықтан қорғану.
#біртұтастәрбие
#зорлықзомбылыққажолжоқ