2023 жылдың қараша айының 9-14 күндері аралығында колледжімізде арнайы пән оқытушысы Калиева Гульжан Аманбекқызы мен өндіріс шебері Итбаева Райгуль Ибрагимовнаның ұйымдастыруымен «Аспаздық әлеміне саяхат» атты аспазшылар апталығы болып өтті.
Зал әдемі безендіріліп, апталықтың ашылу салтанаты «Бас аспаздар» мен "Өнерлі аспаздардың" өздерін таныстыруымен басталып, «Аспаздық жекпе-жек»,«Менің ерекше мәзірім» бөлімдерінде — студенттер ас тағамдарын дайындау шеберліктерін көрсетсе, «Ақыл жаста-білім баста» бөлімдерінде командалар өз алған білім деңгейлерін көрсетті. Апталық, аспаздық қолөнер бұйымдарын дайындап келуімен жалғасып,
«Сезімтал аспаз» тақырыбындағы қызықты ойындар ойнатумен аяқталды.Апталықта белсенділік танытқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.