«Сыбдыры сұлу – Алтын күз»
Берекелі, мерекелі алтын күз! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз — байлық, молшылық.
Колледжде күз кереметтерін көрсету, студенттердің бойына рухани мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында, музыкалық жетекшінің жоспары бойынша 6 АС және 7 АС «Аспазшы» топ студенттерінің (топ жетекшілері: Берікболова Н.Д, Калиева Г.А)колледж кітапханашысы Искакова А.Қ. ұйымдастыруымен, «Сыбдыры сұлу – Алтын күз» тақырыбында байқау болып өтті.
Байқау ІІІ кезеңнен тұрды.
1. «Ой-жүйрік» (Күзге байланысты жұмбақтар шешу және мақал-мәтелдердің жалғасын табу)
2. «Сұр мерген» (Байлаулы көздерімен күзгі көкөністерді себеттерге дәлдеп түсіру)
3. «Күзгі сый» (Өз қолдарымен дайындаған көкөністер, жеміс-жидектер, қамырдан жасалған композицияларын ерекше етіп таныстыру,қорғау)
Ерекше дайындалған топтарға номинациялар беріліп, марапатталды.
@abai_imc