«Назар аударыңыз, сессия» атты тренинг
Жаз мезгілі басталысымен колледж қабырғасында емтихандар ұдайы өткізілуде. Осыған орай жоспар бойынша емтихан алдындағы стрессті жеңу үшін психолог Г.О.Нұрасылдың ұйымдастыруымен «Назар аударыңыз, сессия» атты тренинг өткізілді.
Тренинг мақсаты:
1.Үрейлену мен стрессті жою тәсілдерінен ақпараттандыру.
2. Оқушылардың мазасыздық деңгейлерін түсіру, қобалжу деңгейлерін орнына келтіру.
3.Өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыру.
Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өзін тарыстырып, тілек айту арқылы қасындағыға адамға жағымды көңіл күй сыйлайды. Тренинг барысында «Менің есімім нені білдіреді», «Дыбыстық» жаттығулары атты әдіс-тәсілдер қолданылды. Сондай-ақ қобалжу мен емтихандық стресс сияқты тақырыптар қозғалды. Қобалжу мен стресс емтиханға дайындық кезінде, сабаққа мұғалімдер қатысқан жағдайда оқушыларда жиі кездеседі. Сондықтанда емтихан алдында оқушылармен жұмыс жасау үшін осындай жағдайлар интелектуалды және эмоционалды дайындықты тікелей қажет етеді. Тренинг соныңда оқушыларға емтихандық стресстердің алдын-алу үшін психологиялық кеңестер таратылды.