Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

ӘСКЕРИ - ПАТРИОТТЫҚ ОҚУ - ДАЛА ЖИЫНЫ

ӘСКЕРИ — ПАТРИОТТЫҚ ОҚУ — ДАЛА ЖИЫНЫ

Патриоттық тәрбиенің жастар болашағы үшін маңызы зор. Білім алушылардың АӘТД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіріп, болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жас сарбаздарды елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу мақсатында «Жарма технология колледж» КММ-інде 1-курс ер балаларына АӘД жетекшісі Ж.Б. Садуакасованың ұйымдастыруымен 29.05.23-26.06.2023ж. аралығында «Оқу-дала жиыны» өткізілді. Онда жас өрендер әскери өнердің қыр-сырына машықтанды. Олар әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренді. Алғаш рет оқу қаруын қолданып, сарбаз міндетін сезінді.
Оқу-дала жиыны жастарға тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындығы, әскери топография жөнінде практикалық сабақтар өткізілді.