Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Рәміздер күні

«Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтанышымыз»

Ағымдағы жылдың 2-маусым күні колледжімізде кітапханашы Л.К. Рамазанованың ұйымдастыруымен 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтанышымыз» атты іс-шарасы өтті.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, патриотизм рухында тәрбиелеу.
Іс – шара мемлекеттік әнұраның орындалуымен басталды. Соңынан кітапханашы мемлекеттік рәміздердің негізгі атрибуттары туралы түсіндіріп өтті. 1-курс студенттері мерекеге арналған өлең шумақтарын арнады. Сондай- ақ көк туымыздың құметіне колледжіміздің музыкалық жетекшісі Алкен С.А. орындауымен «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды.