Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Жылдың үздік психологі» атты облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 28 cәуір күні Жарма ауданы Шар қаласы «Жарма технология колледжі» КММ және «Абай облысы ББ» ММ, «Облыстық әдістемелік – инновациялық орталығы» КММ, облыстық педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтері арасындағы «Жылдың үздік психологі» атты облыстық байқауы өтті.
Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.
Байқауға Семей қаласынан келген психологтер бақтарын сынады. Конкурс басында облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың басшысы Рахимжанова Галия Махсутовнаға сөз берілді. Сондай-ақ «Азаматтық қорғау жоғарғы колледж» психологі және директоры Абдрахманов С.А. мен облыстық педагог-психологтардың әдістемелік бірлестік төрайымы Жуасбек Ж.С. сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
I-орын Аусарбаева Марина Қайыпжановна «Семей» колледж мекемесі
II- орын Карпачева Надежда Николаевна “Радиотехника және байланыс колледжі” КМҚК
II- орын Молдагулова Индира Амангельдиевна “Индустриалды-технологиялық колледжі” КММ
III- орын Баелов Айдос Адылұлы «Авиацена» колледжі
III- орын Бигазиева Жанат Маметжановна «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж»

@abai_bilim_basqarmasy @abai_imc