Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

“AgroSkills-2023” облыстық кәсіби шеберлік байқауы

Ағымдағы жылдың 24-і сәуір күні Жарма ауданы Шар қаласында “Жарма технология колледжі “ КММ-нің ұйымдастыруымен жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасындағы бірінші “AgroSkills-2023” облыстық кәсіби шеберлік байқауының ашылу салтанаты өтті. Сахнада 6 колледж таныстырылды: Абай колледжі, Ақсуат колледжі, Бородулиха колледжі, Бесқарағай колледжі, Үржар колледжі, Жарма технология колледжі. Бірінші аймақтық чемпионатты ашу құқығы Абай облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жакупова Вилена Каримовнаға, Жарма ауданы әкімінің орынбасары Нургалиев Нурлыбек Акылбековичке берілді. Сондай-ақ сөз кезектері колледждің әлеуметтік серіктестері Жарма аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ақжолов Ернар Нурболатұлы мен Жауапкершілігі Шектеулі серіктестігң “Қамқор Локомотив” Шар локомотив депосының кадр бөлімінің бастығы Канафиянов Турысбек Кудайбергеновичке берілді. Сонымен қатар құттықтау сөз кезегі Абай облысының кәсіпкерлер палатасының Жарма аудандық филиалының төрағасы Шарипов Қанат Оразхановичке берілді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына жас мамандар қажет болғандықтан фермерлік қожалықта, егістікте нәтижелі еңбеу ету үшін осындай байқаулар өткізу жақсы мүмкіндік. Сол себепті осындай жарыстар өткізу бұл Абай облысының намысын қорғайтын ең үздік кәсіби шеберлерді анықтай отырып, білімді жастарды тәрбиелеу.