Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

НАУРЫЗ-2023

2023 жылдың 20 наурыз күні «Жарма технология колледжі» КММ-інде Наурыз мейрамы тойланды. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға ұжымның барлық қызметкерлері атсалысты.
-Уа, ағайын!
«Наурызым – бабамның сөзі,
Наурызым – анамның сөзі,
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі»-деп жүргізушілер Наурыз мейрамына арнайы ат басын бұрған Қыдыр атамыздан бата сұрап мерекені бастады. Ақ жаулықты аналарымыздан алақанынан көпшілікке шашу шашылды. Одан әуелеген әндер мен көріністер Наурыздың көрігін қыздырды. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері – Беташар, Тұсаукесер, Бесікке бөлеу, Құда күту сынды көріністері көрсетілді. Наурыз көже дайындалып, көпшілік ұлттық дәмнен ауыз тиді. Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын демекпіз! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!