Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БІРІҢҒАЙ ОТЫРЫСЫ.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БІРІҢҒАЙ ОТЫРЫСЫ.
 
16.03.2023 ж. күні «Жарма технология колледжі»КММ-де  қамқоршылық кеңесінің біріңғай отырысы өтті. Кеңесте 2022-2023 оқу жылының І-ші жартыжылдығы бойынша есеп берілді.
    
            Қаралған мәселелер:
  1. І жартыжылдық бойынша білім сапасының көрсеткіштері.
  2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасы жағдайы төмен студенттерге көрсетілетін көмек. Жатақханада тұратын студенттердің жағдайы, қауіпсіздік мәселесі.
  3. І-ші жартыжылдық бойынша қаражаттың игерілуі.
  4. Студенттердің ыстық тамақпен қамтылу мәселесі.
  5. 2023 жылы колледждің жылу жүесін жөндеуге бөлінген қаражатты игеру есебі.
  6. Колледж басшысының 2022-2023 оқу жылының І-ші жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі.
Қаулы
  1. «Жарма технология колледжі» КММ білім сапасы бойынша жұмыстар күшейтіліп, әкімшілік қадағалауға алынсын.
  2. Колледжде әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жататын отбасыларға демеушілерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілсін. Жатақханадағы студенттердің жағдайы бойынша жұмыстар атқарылып, қауіпсіздігі қадағалансын.
  3. І-ші жарты жылдық бойынша студенттердің шәкіртақысы мен қызметкерлердің жалақысы толықтай қамтамасыз етілді.
  4. Ыстық тамақ сапасы, асхана тазалығы үнемі бақылауға алынсын. Колледж бракераждық комиссия мүшелері мен колледж әкімшілігі осы бағыт бойынша жұмыстар атқарсын.
  5. Қамқоршылық комиссияның мүшелері 2023 жылы колледждің жылу жүйесіне бөлінген қаражатпен таныссын.
  6. Колледж басшысының 2022-2023 оқу жылының І-жарты жылдық атқарылған жұмыс есебі жақсы деп баға берілсін.