Темір жол аса қауіпті аймақ
Темір жол қашаннан аса қауіпті аймақ болып саналады. Сол себепті әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкері, станция қызметкерімен бірлесіп «Жарма технология колледжі» КММ студенттерін темір жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерімен таныстырды.
• Темір жолдарды тек арнайы белгіленген орындардан кесіп өту қажет.
• Қауіпсіз өту үшін арнайы жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерінен, жақындап келе жатқан пойыздың көрінбейтініне көз жеткізгеннен кейін өту және көпір үстімен өту
• Теміржол маңында абай болыңыз және қырағы болыңыз, темір жол ойын алаңы емес екенін есте сақтау.
• Теміржолға жақындаған кезде құлаққапты шешу керкек — оларда пойыз сигналдарын естімеуіңіз мүмкін!
Осы және басқа да ережелерді сала мамандары ашып айтты.
Сондықтан, темір жолдан уақытты қысқартып өзіңе ыңғайлы жерден өтуге болмайды.Жарақаттануды болдырмау үшін ең бастысы темір жолды арнайы белгіленген орындардан өту керек. Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ. Темір жолдың қауіпті аймақ екенін ұмытпайық, өз өмірімізді өзіміз қадірлейік!