2022 жылдың 14 наурыз күні колледжде Амал(көрісу) күні аталып өтті
2022 жылдың 14 наурыз күні колледжде Амал(көрісу) күні аталып өтті.
Көрісу — қазақтардың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. 14 наурыз күні «Көрісу күні» деп атайды. Ағайын-жұрағат, көрші-қолаң, барлығы таңертең ерте тұрып, бір-бірімен қауышып, игі, жақсы тілектер айтады.
Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап үлкендерге сәлем беріп,
халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір- бірімен қол алысып «Бір жасыңмен» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен!» Қыстан аман- есен жетуіңмен дегенді білдіреді.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Халық бұл күнді Жаңа жылды күткендей күтеді!