Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен онкүндік өтті

          Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен онкүндіктің 04.10.2021ж ашылу салтанаты өтті.
         Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл мерейтой аясында «Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында ақпараттық сағатты 6 Асп -бірінші курс студенттерінің қатысуымен қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Кожебаева Сымбат Касымжановна  өткізді. Ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына тоқтай отыра, білім саласына қалдырған қазыналы еңбектерімен таныстырды.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Ибраева Айым Қуанышевна 5 ВФ-бірінші курс студенттері арасында «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалды ойынын бірнеше турдан өткізіп, ойын жеңімпазы анықталып, марапатталды.
         «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» аясында ағылшын тілінің оқытушысы Саршанова Кульжамал Махсутовна 6Асп-топ студенттерінің қатысуымен тәрбие сағатын өткізді. Студенттер белсенділігі бағаланды.
         Танымдық-интеллектуалдық «Брейн-ринг» ойынын орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Агиева Гульмира Сакеновна жоғары деңгейде өткізіп, оқытушылар мен студенттердің қызығушылығын арттырып, білімдерін толықтырды. Ойын өз мақсатына жетіп, көрерменнің көңілінен шықты. 1АШМ –бірінші топ студенттері алға ұмтылып, жеңімпаз атанды. 11.10.2021 орыс әдебиеті пәнінен бірінші курс студенттері арасында олимпиада туры өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер марапатталып, сыйлықтар берілді.
          Кожебаева С.К «Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел!» баяндамасын бірінші курс студенттеріне оқып, « Мәңгілік ел» идеясының 7 құндылығына толық тоқталып, мәнін ашып берді. Баяндама қосымша презентациямен жүргізілді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мухамедиева Айжан Еркиновна А.С.Пушкиннің өмірбаяны мен шығармашылығына арналған, қойылым қойып, көрермендердің ризашылығна бөленді.
         Қазан айының 14 жұлдызында «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен онкүндіктің жабылу салтанаты өтіп, іс-шараға қатысқан студенттер марапатталып, сыйлықтар берілді.
WhatsApp Image 2021-10-22 at 23.58.27
WhatsApp Image 2021-10-22 at 23.58.26
WhatsApp Image 2021-10-22 at 23.58.23
WhatsApp Image 2021-10-22 at 23.58.22