Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Инженерлі педагогикалық қызметкерлер рейтингісі

БЕКІТЕМІН

«Жарма технология колледжі»

КММ-нің директоры

________Б.Р.Омаров

 

 

«Жарма технология колледжі» КММ-нің инженерлі-педагогикалық қызметкерлерінің рейтингісін өткізу  

ЕРЕЖЕСІ

Рейтинг (ағылш. rating) – бұл белгілі бір объекттің маңыздылығын сипаттайтын реттік нөмір немесе сан.

  1. Жалпы ережелер

1.1.Рейтинг мағынасын анықтар  болсақ, ол нақты оқытушының объект ретінде бәсекелестікке төзімді маман даярлаудағы тиімділігін және жұмыс сапасын  колледж әкімшілігі мен ұжымының ескеруі.

  • Рейтингтің негізгі тиімділігі мыналар:
  • ИПҚ-дің барлық жұмыстарын қамту;
  • ИПҚ-дің қызметтік міндеттерінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету;
  • Жұмыс сапасы бағасының шынайылылығы;
  • Типтік оқыту жүйесінің мақсатымен орта кәсіби білім беру стандарты критерилеріне сай келу;
  • ИПҚ-ді бағалау критерилерін қабылдау, түсінікті, қолжетімді болу;
  • ИПҚ-дің моралдық-материалдық көтермелеу үшін негіз алу;
  • Педагог жұмысының өнімділігін, біліктілік деңгейін арттыруда, оқытушының жеке қызығушылығын қамтамасыз етіп, мотивацияны арттыру;
  • Колледж ұжымы қызметін жақсарту, анықтау, кемшіліктерді жою үшін түзету іс-шараларын жасау.

 

 

  1. Рейтинг жүргізудің мақсаты:

2.1. Рейтингтің мақсаты:

-Колледж мәртебесін көтеру мақсатында ИПҚ-дің  кәсіби және жалпы қызметін белсендіру;

- Колледжде білім беру сапасын арттыру.

2.2. Рейтингтің негізгі міндеттері:

- Колледж құрылысы бөлімшелері мен ИПҚ-дің  қызметінің тиімділігінің ішкі аудит жүйесін құру;

- Жеке оқытушылар мен колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін көрсететін ақпараттық база құру;

- Педагог жұмысының біліктілігін, кәсібилігін маралды-материалды тұрғыдан арттыру.

2.3. Рейтингті қолдану:

- Әрбір қызметкердің колледжге қызмет ету нәтижесін көрсетеді.

 

  1. ИПҚ–дің қызметін рейтингілік бағалау технологиясы

 

3.1. Рейтингкке технологиялық талаптар:

- Жыл сайын педагогикалық кеңесте рейтинг критерилерін бекіту және олардың мағынасын ұжымға түсіндіру;

- Әрбір қызметкердің қызметінің шынайылығын көрсететін оңтайлы критериін қолдану;

-Рейтинг туралы деректерді жариялау үшін, компьютерлік деректер қорын құруға және колледж жергілікті желісін қолдануға мүмкіндік беретін әдісті қолдану;

- Рейтингті ұйымдастыру мен қорытындысын шығару үшін рейтинг комиссиясын құру.

3.2. ИПҚ-дің рейтингісін есепке аларда жыл бойғы біліктілік деңгейін, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ғылыми- қоғамдық белсенділігін  ескереді.

3.3. ИПҚ-дің  рейтингісін анықтау үшін критерилері және мағыналары бірге бекітілген кесте толтырылады.

3.3.1. Баға критериі – бұл қызметкердің қызметін бағалайтын, жұмысына мінездеме беретін, қажетті кәсіби стандартын құрайтын түйін өлшемдері.

3.3.2. Барлық  критерилер қатаң түрде мысалдармен түсіндірілген болу қажет.

3.3.3. Критерилер деректер бұйрығымен бекітілген төраға мен құрамнан тұратын рейтингілік комиссия құрамымен жасалады.

3.4. Рейтинг қорытындысын шығару.

3.4.1.ИПҚ-ді алдын ала рейтингісі ағымдағы жылдың жұмыс нәтижесімен анықталады (наурыздан кешіктірілмей).

3.4.2.  ИПҚ-дің ғылыми-зерттеушілік жұмысын есепке алатын рейтингтің  екінші кезеңі, оқу жылының қорытындысында шығарылады.

3.4.3. Рейтингілік тізім туралы 30%  ақпарат колледж сайтында жарияланады.

3.4.4. ПЦК жетекшілері мен бөлім басшылары ИПҚ-ді  барлық біліктілік санаты бойынша жоғары, орташа, төмен рейтингілік көрсеткіштерге таңдау жасайды.

3.4.5. Колледж ИПҚ-і ақпарат ала алады:

- Алған бағаларының саны туралы;

-Колледж бойынша жеке рейтингісі (өз біліктілік санаты бойынша)

3.4.6. Бөлім меңгерушілері, ПЦК жетекшілері, рейтингілік комиссия  мүшелері алынған ақпарат құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.