Меню
Байланыс
Адрес: Область Абай, Жарминский район, город Шар, ул. Амангельды, Здание №1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: sharpl-4@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Шаңғы спортынан жарыс 2023

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында колледжімізде дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Қысқы ойындар» өткізілді. Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау. Таза ауада өткізілген ашық ойындар иммундық жүйені нығайтып, зат алмасуды жылдамдатып, балаларды жігерлі етугу баулып, жүйке белсенділігін арттыра ғана қоймай сонымен қатар ерекше көңіл күй сыйлайды. Студенттер бір-бірімен қызыға жарысты. Ойын нәтижесінде “Кросс” бойынша I-орынды 1 АШМ тобының студенті Тәңірберген Шыңғыс, II-орынды 1АШМ тобының студенті Иманжолов Артур, III-орынды 4Ф тобының студенті Қыдырбек Берік иеленді. Ал “эстафета” жарысы бойынша I-орын 1 АШМ, II- орын 2 АШМ, III- орын 4ВФ топтары иеленіп, барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Мұндай сауықтыру шаралары балалардың жағымды-эмоционалдық көңіл-күйін күшейту арқылы олардың денсаулығын жақсартуға ерекше ықпал ететіні сөзсіз.